Материал: Табиғатпен танысу барысында мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын дамыту

Внимание! Если размещение файла нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік – гуманитарлық коледжі

Педагогика пәнінен курстық жұмыс

Табиғатпен танысу барысында мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын дамыту

Орындаған:

Жетекші:

педагогика пәнінің оқытушысы

2016 жыл

Мазмұны

Кіріспе......................................................................................................................3

  1. Балаларды табиғатпен таныстырудың маңызы

1.1 Мектепке дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудың теориялық негіздері...............................................................................................................4

1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру..........................................................................7

1.3 Табиғатпен таныстыру арқылы балалардың тұлғалық қасиетін қалыптастыру жолдары...................................................................................11

2. Балаларды табиғатпен таныстырудың әдістемелік негіздері

2.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру арқылы олардың танымдық қызығушылығын дамыту әдістері................................15

2.2 Табиғатпен таныстыру арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың бойында патриоттық сезімге тәрбиелеу.........................................................19

3. Табиғатпен танысу арқылы бала психологиялық тұрғыда дамуы

3.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру жұмыстарын ұйымдастыру.....................................................................................................23

3.2 Балалардың бойында танымдық процестердің қалыптастыру әдістері мен жолдары.....................................................................................................26

Қорытынды......................................................................................................30

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................31

Қосымша 1..........................................................................................................32

Қосымша 2..........................................................................................................33

Кіріспе

Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат Ананы қорғап, аялау барша жұртқа тіршілік қамы, табиғи қажеттілік. Сондықтан да бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста  болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлыққа  тәрбиелеу қазіргі балабақшадағы тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып табылады. Табиғатпен таныстыру -  балалардың танымын дамытудың басты құралдарының бірі.

Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты - табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып күту, табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып, тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында «Табиғат  бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп өнер мекені» екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі. Мектеп жасына дейінгі балалардың тірі және өлі табиғатқа деген сүйіспеншілік қарым- қатынасын тәрбиелеу мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау - экологиялық тәрбие мен білім беру жұмыстары арқылы жүргізіледі.

Табиғат туралы білім жүйесіне оның объектілері мен құбылыстары туралы білім, сондай – ақ олардың арасындағы байланыс пен қатынас кіреді. Мектеп жасына дейінгі балаларда табиғат туралы білім маңызды көрінетін, алайда сыртқы белгі, байланыс пен қатынасты білдіретін түсінік деңгейінде қалыптасады.

Балаларда табиғатқа деген танымдық қатынасты дамыту білім жүйесін меңгерумен байланысты. Ол ізденімпаздыққа, көп білуге деген құлшыныста көрінеді. Еңбек дағдылары мен білікті қалыптастыруда білімнің рөлі зор. Өсімдіктер мен жануарлардың қажеттіліктерін, олардың қамқорлықты қажет ететін тіршілік иесі екендіктерін біле отырып, бала өсімдіктер мен жануарларға күтім жасаудың түрлі әдістерін меңгеруге және қандай жағдайда болмасын оларға дұрыс таңдау жасауға ұмтылады.

Табиғат туралы білім балаларда оған қамқорлықпен қарау сезімдерін оятады. Қайырымды әрекеттер табиғатты қорғау мақсатындағы мұндай әрекеттер дұрыс және қажетті ойлаумен беки түседі. Алайда табиғатқа деген қамқорлықты тек білім негізінде ғана қалыптастыруға болмайды. Табиғаттағы еңбек оған белсенді қамқорлық көрсету болып табылады.

1. Балаларды табиғатпен таныстырудың маңызы

1.1 Мектепке дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудың теориялық негіздері

Қоршаған ортамен таныстыру бойынша балалар өзінің аты-жөнін, жасын, жанұясын, балабақшадағы тәрбиешілермен топтағы балалардың аты-жөніндерін тани бастайды. Балабақшаның ішкі құрылысымен таныстырылып, топ бөлме, асхана, дәрігер бөлмесі т.б айырмашылықтарын ажырата бастайды. Сонымен қатар әр бөлмеде жұмыс түрін, қажетті құралдарды, олардың аты, не үшін қажет, неден жасағаны, қайда, кімде, қандай, кім не істейді сұрақтарына дұрыс жауап беруге балабақшада өздері немен шұғылданатыны туралы әңгімелейді. 

Балалар әсіресе ұлдар жағы қызығы көлік түрлерін, яғни ұшақ, поезд, жеңіл,жүк машина және әртүрлі көліктер түрлерінің міндеттерін жақсы біледі. Балалар бос уақытында жүк машинасымен ойнағанды жақсы көреді. 

Мектепке дейінгі кезеңде бала қоршаған ортаны танып біледі. Баланың табиғатты танып білуге деген қызығушылығын оята отырып, тәрбиеші оны табиғатпен таныстырып қана қоймай, оны түсінуге, өсімдіктер мен құстарды қамқорлауға, табиғаттың сұлулығын сезіне білуге үйретеді.  Қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерту баланың қоршаған орта нысандарына танымдық қызығушылығын арттырумен тығыз байланысты болып табылады. Баланың танымдық дамуы ойын барысында, табиғи нысандар мен құбылыстарға бақылау жасау, заттарды қарап, зерттеу кезінде, табиғат пен табиғат күнтізбесіндегі ауа-райы жағдайына бақылау нәтижелерін айта білу, еңбек және басқа да әрекеттер барысында жүзеге асады.  Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде баланың танымдық дамуы эмоционалдық қызығушылықпен қабылдайтын қарым-қатынастар арқылы қалыптасады. Әрбір жеке бала - қоршаған ортаны кішкентай зерттеуші. Бала белсенді әрекеттерге талпынады. Сондықтан да серуне арқылы бақылау мен зерттеу сияқты әдістер балаға неғұрлым жақын болып табылады. 

Серуен - тәрбиешінің көмегімен атқарылатын іс-әрекет. Серуен барысында балалардың табиғатқа қызығушылықтарын арттыра отырып, бақылыу жұмыстарын өткізу. 

Біріншіден, арнайы бағдарлама пайдалану оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау кезінде жеңілдік туғызады.

Екіншіден, бақылауды жүргізуге қойылатын талаптар сақталады. Балалардың танымдық құзіреттілікті меңгеруі, бақылау нәтижесі тәрбиешінің қолданатын әдіс-тәсілдері мен бақылауды ұйымдастыруына тікелей байланысты болып келеді. Баланың жан-жақты дамуы, оның қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынасы негізінде қалыптасады. Бұл тұрғыда «Сезіну-танып білу- жүзеге асыру» - осы үш бағытта жұмысты ұйымдастыру қажет. Ол үшін тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап алудың маңызы зор.  Табиғи нысанды қабылдау, зерттеу баланы шаршатпауы тиіс. Бала бақылауды жақсы көңіл-күймен бастап, сондай жақсы әсермен аяқталуы тиіс. Бақылау барысында баланың зейінін шоғырландырып, назарын аудару. Серуен кезінде әр түрлі ойындар арқылы жаңа ойын технологияларын әдіс-тәсілдердін қолдану қажет. Серуен барысында тек бақылап қана қоймай, еңбек шараларын қатар жүргізіп отыру керек. Серуенде ағаштарды, гүлдер мен шөптерді ажыратуға, оларға қамқорлықпен қарауға көңіл аудару керек. Еңбек барысында - ойын әрекеті арқылы балалардың қызығушылықтарын дамыту қажет. Бала серуен барысында (еңбек, бақылау, ойын) - әрекеттері арқылы не үйренді, неге қызығушылықтарының артқанын сұрай отырып, қортынды жасау керек. Сонымен, аталған талаптарға сай бақылауды өткізу тәрбиешінің арнайы дайындығы болған жағдайда жүзеге асады.

Бақылауға дайындық келесі жұмыстардан тұрады: 

  • Бақылау мазмұны және ұйымдастыру; 

  • Бақылауды өткізу орны және уақыты;

  • Бақылаудың әр бөлімінде пайдаланатын әдіс-тәсілдері болады;

  • Бақылау барысында шешілетін міндеттердің де маңызы зор; 

  • Балаларды топырақпен және оның қасиеттерімен таныстыру; 

  • Ылғалды және құрғақ топырақты ажырата білуге үйрету; 

  • Тастардың әр түрлі болатынына назар аудару және оны топырақпен салыстыру; 

  • Балаларды екі табиғи компонент: саз бен топырақты ажыратуға үйрету; 

  • Топырақтың қасиеттерін атап айтуға үйрету; 

Әр бақылаудың өз мазмұны, мақсаты бар, басқаларын қайталамайды, бірақ бір-бірімен байланысты болып келеді. Айналадағы әлемді ойын, еңбек, серуен, тәрбиешімен ,ересектермен, құрдастарымен қарым - қатынас кезінде танып біледі. Сондай-ақ 3-4 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады және тілі дами түседі. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрселер оларды ойлантады. Ойларын айтып жеткізгісі келеді. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланың дүниені тануына кері әсер етуі мүмкін [2, 74-бет].

Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Мектепке дейінгі жас-естің және тілдің қарқынды дамуы жасы. 

Тәрбиеші-педагог баланы ертеңгі болашағына дұрыс көзқараспен қарай отырып, баланың мінез құлқын сана - сезімнің тілінің жетілу дәрежесін, таным үрдістеріні (түйсігі, қабылдауы, ес, ойлау, сөйлеу, зейінінің) дұрыс бағытта қалыптасып дамуын қадағалап, әрі дұрыс бағдар беру керек. Балалардың тілдерінің дамуы, байланыстырып сөйлеу дағдылары - (зейін, қабылдау, есту, ойлау, есте сақтау)- қабілеттерін қалыптастыру болып табылады. 

1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру

Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру біздің қоғамымыздың адамгершілік бағыттағы тәрбие мен барлық адамзаттың маңызды қамқорлығы табиғатты қорғау қажеттілігінен шығады. Табиғатқа деген ықыласты қатынас қажет кезде қайырымды іс – әрекеттің пайда болуын болжалдайды, ол үшін балалар өсімдіктер мен жануарларды қалай күту керектігін, олардың қолайлы өсуі мен дамуына қандай жағдай жасау керектігін білу керек.

Табиғатқа деген ықыласты қатынас байқампаздықты дамытумен байланысты, яғни баланы табиғатқа деген сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелей отырып, бала алаңдаушылық туғызатын кез келген құбылысқа назар аудармай өтіп кетпей, табиғатқа қамқорлықты іс жүзінде көрсете білуіне ұмтылу керек.

Табиғатқа деген ықыласты қатынасты қалыптастыру оның эстетикалық тұрғыда қабылдау қабілеттеріне, яғни табиғат сұлулығын көре білуге байланысты. Эстетикалық қабылдау балалардың табиғатпен тікелей «тірідей» сөйлесуімен қамтамасыз етіледі.

Табиғат құбылыстарының сұлулығын бақылау – эстетикалық әсерлердің таусылмас қайнар көзі. Балаларға табиғат құбылыстарының эстетикалық қасиеттерін көрсету, оларды әдемілікті сезінуге үйрету, бақыланатын құбылыс әдеміліктерімен байланысты бағалау пікірлерін айтқызу маңызды.

Н.Н.Моисеев «Экология мен білім» (1996) еңбегінде аталған екі үрдістің арақатынасын сараптай келе: «Экологиялық тәрбие экологиялық білімсіз мүмкін болмайды, сондықтан білім тәрбиенің мән мәтінінде дамуы керек, оның үстіне білім өздігінен адам әрекетінің бағытын анықтамайды» деп айтқанын белгілеу орынды [1, 42-бет].

Табиғат – мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен дамытудың маңызды құралы. Бала онымен сөйлесе отырып көптеген жаңалықтар жасайды. Сәбидің көзімен байқалған әрбір тірі зат қайталанбас нәрсе. Балалар ойнағанды жақсы көретін табиғи материалдар да (құм, топырақ, су, қар т.б) әртүрлі. Мектеп жасына дейінгі балалар табиғатпен кез келген мезгілде, айналада аппақ ұлпа қар жатқанда да, бау – бақша гүлдегенде де қауыша алады. Табиғатпен танысуда бала үшін қоршаған ортаны тануда бірге жүретін ересектердің жеке тұлғасы өте маңызды болып табылады. Балалар алдында табиғаттың заттары мен құбылыстары көрнекі болып тұрады. Осылайша бала сезім мүшелерінің көмегімен табиғат ерекшелігінің көптүрлілігін:

  • формасын;

  • аумағын;

  • дыбыстарды;

  • бояуларды;

  • кеңістік жағдайын;

  • қозғалысын тікелей қабйлдайды.

Балада оған әрі қарай табиғат құбылыстарының қатынасы мен байланысын түсіну мен көруге көмектесетін, жаңа түсініктерді меңгертетін алғашқы табиғат туралы нақты және ашық түсінік қалыптасады. Балалар табиғат құбылыстарының арасындағы көптеген байланыс пен қатынасты бақылау арқылы таниды. Бұл педагогқа тәрбиеленушілердің логикалық ойлауын дамытуға мүмкіндік береді.

Тәрбие формалары – тәрбие үрдісінің ішкі көрінісі. Тәрбие формалары: жеке, шағын топтар мен топтарға бөлінеді. Тәрбие формасының мазмұнында түрлі құралдардың көмегімен жүзеге асырылатын тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерінің кешені бар.

Тәрбие әдістері – тәрбиелеу мақсатының жетістігіне бағытталған ересектер мен балалардың өзара байланысқан әрекетінің әдістері.

Адам баласы табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармауымыз керек. Табиғат озбырлықты көтермейді. Оны мәпелеп  баптап, мейіріммен аялау арқылы ғана қажетті үлесіңді үзбей ала аласың. Табиғат қазынасын қастерлеген адам ғана ұлы мұратқа жетеді. Өз адамгершілігінің салмағын өлшегің келсе, табиғаттың сыр сипатын түсіне білуге әрекет жасап көр [2, 8-бет].

Табиғат объектілерінің әртүрлілігі тәрбиешіге балалардың қызықты және пайдалы әрекеттерін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бақылай үрдісінде табиғаттағы ойындар мен еңбекте балалар табиғат құбылыстары объектілерінің ерекшеліктерімен және қасиеттерімен танысады, олардың дамуы мен өзгеруін байқайды. Олардың ізденімпаздық қасиеттері дамиды.