|
№ |
|
Бет |
|
|
Кіріспе |
3 |
|
1 |
Құрама жемнің жемдік құндылығын жоғарылату жолдары |
4 |
|
2 |
Құрама жем өндірісінде қолданылатын негізгі шикізаттардың азықтық және минералдық құрамы |
5 |
|
3 |
Құрама жемнің жемдік құндылығын жоғарылатуда түйіршіктеудің маңызы |
6 |
|
4 |
Қорытынды |
8 |
|
5 |
Қолданылған әдебиеттер |
9 |
Кіріспе
Құрама жем - арнайы рецепт бойынша жасалған азықтың майдаланған дайын қоспасы. Қоспа ретінде дән, қатқыл азықтар, өсімдік және шөп ұны, техникалық, химиялық және микробиологиялық өнімдер алынады. Толық рационды құрама жем құрамында малға қажет барлық қоректік заттар бар даяр азық рационы ретінде шығарылады. Концентратты құрама жем - сусымалы біркелкі азық, малға қатқыл, шырынды азықтармен қатар қосымша азық ретінде беріледі. Үстеме құрама жем - құрамында протеин, минерал заттар және витаминдер көп, құнарлы азық. Рацион құрамын теңестіру үшін пайдаланылады. Премикстер - биологиялық белсенді заттардың байытылған қоспасы. Премикстерді құрам жемнің құнарлылығын арттыру үшін және олардың мал организміне биологиялық әсерін күшейту үшін пайдаланады. Құрама жемді азық ұны, балық ұны,жарма, түйіршік, брикет, ұнтақ түрінде өндіреді. Минерал заттар мен витаминдер жағынан теңестіру үшін рационға (оның салмағының 1- 5%-ы) қосып беріледі. Құрама жем өндірісінде ұн өндірісінің қалдық өнімдері және жарма өндірісінің жанама өнімдері, оның ішінде ұн мен жарма ұншықтары, жүгері ұрықтары, ашыту өндірісінің өнімдері, жемдік ашытқы, сыра өндірісінің қалдықтары және тағы басқа өндіріс қалдықтары пайдаланылады.
3
Әлемдік құрама жем өндірісі 2014 жылы 2,1 % жоғарылап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 980,12 млн.т. құрады. Ал, 2014 жылы Қытай 180 млн.т., АҚШ –173, Бразилия – 66, Мексика – 31, Үндістан және Испания – 29 млн.т., Ресей – 26 млн.т., Жапония – 24 млн.т. құрама жем өндірген. Құрама жемнің негізгі құрауышы – дәнді дақылдар. Дәнді дақылдың түріне, өсімдіктің сұрыбына, өсу жағдайына және де басқа факторларға байланысты 56 – 70 % азотсыз экстрактивті заттар болады, бұл мал және құстарда нашар қорытылады. Қытайбұршақ пен рапс маңызды ақуыз бен қуаттылық құрауыштары болып табылады. Қытайбұршақ ұны – бұл құрама жем өндірісіндегі негізгі ақуыз көзі, ол 5 – 10 % ұйқы безі бөлетін ферменттерді жоюға септігін тигізетін сіңімділігі нашар заттарды сақтайды. Ингибиторларды залалсыздандырудың тиімді жолы жоғары қысымды қолданып жылумен өңдеу. Құрама жемде 40-48 % май және қорытылу коэффициенті 84,4 – 93,4 % , 21-33 % шикі протеин сақтайтын рапс сұрыпы энергетикалық құндылыққа ие. Алайда рапс тұқымы эрук қышқылын сақтайды, ол қан тамырлары – жүрек жұмыстарын бұзады, бауыр ауруларын тудырады.
Астық дақылдары және құрама жемнің кейбір құрауыштарының микроағзалармен тұқымдануы көп кезедеседі және бұл көгерткіштердің метаболизм өнімдері мал мен адам үшін қауіпті болып табылады. Құрауыштарды залалсыздандыру құрама жемнің сапасын жақсартады. Құрама жемде балық, ет – сұйек ұнының, меласса, майлар және басқа дәнді емес құрауыштарды жылумен өңдемей пайдалану мүмкін емес. Құрама жем өндірісінде заманауи технологияны пайдаланып жоғары температурада өңдеу, жоғары қысымды қазандарда 12 – 21 МПа және 300 – 3740С-та өңдеу, жылумен өңдеу бұл үрдісті тездетеді, электр қуатының шығынын азайтады және экономикалық тиімділікке қол жеткізеді. Жоғарғы сапалы азық - мал шаруашылығы өндірісінде ең негізгі фактор болып табылады. Бұл мәселені шешудің маңызды жолы болып, дәстүрлі емес шикізат түрлерін пайдалану: май өнеркәсібінің қалдық өнімі, тағам, астық өңдеу, крахмал өнеркәсібі, жеміс – жидек өнеркәсібі, ет, балық өңдеу өнеркәсібі қалдық өнімдері және микробиология өнеркәсібі жатады. Минералды азықтық қоспа ретінде табиғи минералдарды – бентонит, шунгит және цеолитті қолдануға болады . Құрама жемнің құрамына жемдік шунгитті қосу оның физикалық – механикалық, құрылымдық қасиетінің жақсаруына, одан әрі де мал мен құстарды азықтандырғанда алынатын өнімнің экологиялық таза болуына септігін тигізген. Бұл табиғи минералдар сорбенттер болып табылады және мал ағзасынан метаболизмнің уытты өнімдері мен ауыр металдарды шығарады, өнімнің технологиялық қасиеттерін ғана жақсартып қоймай, оны 40 астам минералды элементтермен байытады. Кальций, магний, калий, алюминий, темір, кремний сияқты микроэлемент тотықтарын сақтағандықтан ол өсудің тиімді био ынталандырғышы болып табылады, стерильді, ауыр металдарды сақтамайды. Жеміс – көкөніс қалдықтарынан дайындалған
4
жемдік ұнның өзінің физикалық қасиеттеріне байланысты әлсіз жағы да бар, ол құрама жем құрауыштарының тиімділігін төмендетеді. Бұларды сақтау үлкен қоймаларды қажет етеді. Шаң тәрізді ұндар нашар тасымалданады, олардың тағы бір бөлігі тозаңданып жоғалады
Келтірілген негізгі көрсеткіштермен нәруызды құрайтын өлшем қышқылдары минералды жемдердегі бөлек элементтер мысалы: Ca. P.Na т.б. құрама жем нәруызды витаминді қосымшалар, премикстер және басқа құрама жем өндірісі өнімдерін шығару үшін өсімдік, жануар және минерал типтес шикізаттардың жүзден астам түрлері қолданылады.
1 топқа дәнді-дақылдар: бидай, қара бидай, арпа, сұлы, тары т.б. Басқа дәнді-дақылдарға қарағанда жүгеріде жем бірлігі мөлшері көп, ал шикі клетчаткасы аз болады. Төрт түлік малға, құстарға арпа азық-түлік түрінде беріледі. Оның қабығы ядромен беттесе өседі. Сондықтан 9,6% құрайтын қабықты ажырату қиын. Құрама жемге қосылатын қара бидайдан крахмалы мал асқазанында қатты ісініп, ас қорыту жүйесінің өзгеруіне әкеліп соғады. Сондықтан жемге қосатын қара бидайдың мөлшерін шектеу қажет. Сұлының азықтық құндылығы аса жоғары, оның дәні 30% құрайтын оңай ажырайтын қабықпен қапталған. Жас малмен құсқа сұлыны қабықсыз берген дұрыс.
2 топ Диірмен және жарма өндіретін жанама өнімдер. Оған: ұн және жарма алу кезінде түзілген жем, ұншық және жемдік ұнтақпен, кебек жатады.
3 топ арпа мен сұлының жемдік құны.
4 топ май өндіретін зауыттардың жанама өнімдері. Оған: күнжара мен шұлық (шрот).
5 топ қант кәсіпорнының қалдықтары, кептірілген қызылша жоны және жемдік сірне жатады.
Қантын бөліп алып, кептірген қызылша жаңқаларын жом деп атайды. Қызылша жомы мен сірнесі қант кәсіпорындарының негізгі қалдықтары.
Жем патокасы – құрамында 50% -ға дейін қанты бар қалыпты температурада сұйық зат. Жом мен сірне дән шикізатын алмастыра алады.
6 топ Крахмал кәсіпорындарының жем өнімдері: экстракциялы және экстракциясыз жүгері мен бидай езінді жемдері, гидрол.
7 топ ашыту (арақ, шарап, сыра, т.б) кәсіпорындарының жем өнімдері: жемдік ашытқы, кептірілген сыра бытыршақтары.
8 топ Гидролиз кәсіпорындарының жем өнімдері: жемдік ашытқы.
9 топ жануар тектес жем ұндары: ет-сүйек, қан-жын, гидролизденген қауырсын ұндары, балық, теңіз сүт қоректілері мен шаян тәріздес жәндіктердің жемдік ұны. Жануар тектес жем ұндарының құндылығы жоғары. Өйткені, олардың құрамында тиімді амин қышқылды нәруыз көп (50-60%). Ет – сүйек, сүйек ұндары кальций мен фосфорға аса бай.
10 топ шөп және көк бұтақшалардың витаминді ұны.
5
Шөп ұнын орылған шөпті кептіргіште кептіріп, оны балғалы ұсатқыштарда ұнтақтау арқылы алады. Құрамындағы протеинді дәнді-дақылдар мен шамалас және каротин А провитаминге бай шөп ұнын шашпа және гранулденген түрде шығарады.
11 топ минерал тектес шикізаттар: бор, әк, ас тұзы, бетонитті ұнтақ, жемдік фосфат, фосфат декальциі т.б. минерал тектес шикізаттар құрама жемнің дәмін жақсарту, сондай-ақ кальций мен фосфор, натрий мен кальцийдің қажетті қатынастарын түзетуге арналған.
12 топ Химия микробиология (медицина) кәсіпорындарының өнімдері: карбамид және басқа синтетикалық азотты заттар, микроэлемент тұздары, витаминдер, антибиотиктер, амин қышқылдары және т.б.
Құрама жемді түйіршіктеу – бұл шашыранды ұсақ жемдік өнімнің белгілі бір геометриялық өлшемдегі бөлшектерге, түйіршіктің қажетті физикалық қасиетіне ие болатындай формаға айналуы. Бұған механикалық әсер, ұсақ бөлшектердің өзгеруі әсерінен қол жеткізіледі. Байланыстырушы зат болып сұйық, тұтқыр өнімдер, жемдік майлар пайдаланылады. Құрамды байланыстырушы заттар, негізгі құрауыштар – көмірсулар – бұл моно, (глюкоза, сахароза) олигосахароза және полисахаридтен (крахмал, декстриннен және тағы басқаларынан) тұрады. Құрама жемді түйіршіктеуде көмірсу құрамды байланыстырушы заттар қосалқы қуат көзі болып табылады.
Құрама жемді түйіршіктеудің екі әдісі бар: ылғалдап сығымдау, құрғақ сығымдау. Ылғалды сығымдау арқылы алынған түйіршікті қолдану шашыранды құрама жемге қарағанда балықтың өсуін 25 % жоғарылатады, түйіршіктің сапасы құрғақ сығымдалған құрама жем түйіршіктерімен салыстырғанда 19 % жоғары.
Құрама жемді түйіршіктеуде негізгі қоректік заттардың қорытылуы жақсарады, алмастыру қуатының деңгейі 12 % дейін көтеріледі рецепке байланысты. Түйіршіктеу үрдісі құрама жемді қымбаттатады, ыстық көтермейтін дәрумендер, ферменттер және де басқа биологиялық белсенді заттар 10 % дейін өзінің белсенділігін жоғалтады.
Құрама жемді түйіршіктеудегі маңызды фактор – ол азықтың бағалығы – бұл будың стерилизация әсерінің нәтижесінде 95 % дейін уыт бөлетін саңырауқұлақтар отарлары жойылады. Шашыранды құрама жем ыстық пен ылғалдың әсерінен бір жағынан құрылымдық – механикалық, екінші жағынан биохимиялық өзгерістерге ұшырайды. Соның салдарынан өнім үшін қажетті тұтқырлыққа ие болады. Ылғал қабылдаған коллойдтар ісінеді және түрін өзгертеді. Температура көтерілген сайын ісіну қарқынды жүреді және құрама жемнің пластикалық қасиеті жақсарады. Температураның көтерілуі майлардың ыдырауына әсер етеді, мысалы: шроттар мен күнжараның тұтқырлығы төмендейді және құрама жемнің беті ылғалданады.
6
Май құрама жемнің бетін біркелкі ыстық және ылғалмен жабады. Айтылған факторлар құрама жемнің физикалық қасиетінің, сонымен бірге сығымдалу қасиетінің жақсаруына көмектеседі. Құрама жемді түйіршіктеуде ақуыздардың салыстырмалы жоғары болуы мен клетчатканың төмен болуына байланысты гидротермиялық өңдеуді үдемелі режимде қолдану керек.
Түйіршіктеу үрдісі шашыранды құрама жем өндіру технологиялық үрдісінің жалғасы. Бір зауыттарда құрама жем өндірудің бір тізбегінде болса, басқаларында типтік немесе жеке жоба бойынша салынған арнайы жеке – дара цехтарда орналасқан.
Құрама жемді түйіршіктеу келесі негізгі кезеңдерден тұрады:
- Сығымдау алдында шашыранды құрама жемді тексеру (қоспалардан метал магнитті);
- Сығымдағыш – түйіршіктегіште, араластырғыштағы шашыранды құрама жемді гидротермиялық өңдеу;
- Сығымдағыш – түйіршіктегіште түйіршікке сығымдау;
- Суыту құдықтарында түйіршікті суыту;
- Түйіршіктен қиыршық алу өндірісі;
- Түйіршікті және қиыршықты тексеру (ұсақ бөліктерден бөлу).
7
Құрама жемді сығымдау үрдісі механикалық энергиянықажет етеді, ол ішкі және сыртқы үйкелудегі шығынды еңсеруге, серпімді кедергінің пластикалыққа кедергіге көшуіне жұмсалады, сонымен қатар бұл жерде өнімнің қызуы жүреді. Түйіршіктің температурасы сығымдағыштан шыққанда 5 – 100 С сығымдағышқа түскен құрама жеммен салыстырғанда жоғарылайды.
Құрама жем заводтарында технолгиялық процесстерді жетілдіру, дайын өнім сапасын жоғарылату, сондай-ақ шикізаттар мен құрал-жабдықтарды тиімді пайдалану және алдыңғы қатарлы тәжірибе мен ғылым жетістіктерін кең тарату үшін құрама жем, нәруызыд витаминді қосымшалар, премикстер мен карбамидті концентрат өндірістік технологиялық прцесстерін ұйымдастыру мен жүргізу ережелері атты құжат қолданылады.
8
1.Михалев С.С. Технология производства комбикормов.- М.:Колос,1998,432с.
2. Вашкевич В.В. Получение комбикормов на основе биоконаерсии отходов// Комбикорма.- Москва, 2004, №3.-С. 20-22.
3.Галип Н. Способ производства комбикормов заданной крупности// Комбикорма.- Москва, 2002, №4.-С. 10-12.
9